Көлік жөндеу бағалары: қалай қалыптасады
Платформада «8 000 ₸-ден» деген прайс жоқ — бағаны әр СТО сіздің мәселеңізге қарай айтады. Төменде — құнға нақты не әсер етеді және әділ бағаны қалай алуға болады.
Фото тіркеңіз
Әр ракурстан үш фото СТО-ға баға үшін қажеттің бәрін дерлік береді. Фотосыз ұсыныстар «тексеруден кейін» болады.
Тек соманы емес, құрамын салыстырыңыз
Арзан деген жақсы емес: бағаға не кіретінін — материал, кепілдік, мерзім — чатта сұраңыз.
Таңдауға асықпаңыз
Алғашқы ұсыныстар тез келеді, бірақ тәулік ішінде әдетте көбейеді.
Бағаға не әсер етеді
Шанақ және бояу
- Зақымдалған бөлшектердің саны мен көлемі
- Бояу түрі: кәдімгі, металлик, перламутр
- Бөлшекті ауыстыру керек пе, әлде жөндеу жеткілікті ме
- Тек бөлшектегенде көрінетін жасырын зақымдар
- Көлік класы және қосалқы бөлшектердің қолжетімділігі
Жүріс бөлігі және тежегіш
- Марка мен модель: бөлшек бағасы бірнеше есе өзгереді
- Түпнұсқа немесе аналог
- Нақты не тарсылдайды — тек диагностика айтады
- Қосалқы жұмыстар: иінтіректерді ауыстырғаннан кейінгі развал және т.б.
Қозғалтқыш және БҚ
- Ақау себебі: датчиктен күрделі жөндеуге дейін
- Түпнұсқа немесе аналог, қоймада болуы
- Бөлшектеу көлемі және норма-сағат
- Нақты СТО-ның жұмысқа кепілдігі
Электрика және диагностика
- Ақауды іздеу күрделілігі
- СТО жабдығы және маркаңызбен тәжірибесі
- Бөлшек керек пе, әлде тек жұмыс па
ТҚ және сервис
- Марка, қозғалтқыш көлемі және ТҚ регламенті
- Түпнұсқа немесе аналог шығын материалдары
- Тексеру кезінде табылған қосымша жұмыстар